Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Желіде Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдіктінің суреті тарады

AstanaTV
25.03.2023ж. 13:33
592
Желіде Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдіктінің суреті тарады

Желіде Маңғыстау облысында үш баласын өлтірген ер адамның суреті тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz lada.kz басылымына сілтіме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмілетке толмаған балаларын өлтірген м36 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр.

Айта кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынауданда орналасқан пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.