34 жастағы жүргізуші Өскеменде КамАЗ жүк көлігін біріктірілген тіркемемен айдап келе жатып, ақау салдарынан жүк тіркемесі ажырап кеткен. Ол кейіннен жол жиегінде кетіп бара жатқан тұрғынды қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 24 наурыз сағат 16:30 шамасында болған.
Жол апаты салдарынан Семейдің 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.