Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанадағы түнгі клуб қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды

AstanaTV
25.03.2023ж. 18:50
998
Астанадағы түнгі клуб қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды

Астаналық полицейлер түнгі клубта синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 22 жастағы жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.

"Астана прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.

Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді. Ол Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.