Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада сауда орталығы қоршауға алынды – терроризмге қарсы штабтың түсініктемесі

AstanaTV
25.03.2023ж. 19:01
1192
Астанада сауда орталығы қоршауға алынды – терроризмге қарсы штабтың түсініктемесі

Астанада полиция мен арнайы жасақ ірі супермаркеттердің бірін қоршауға алды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан супермаркетті қызыл баумен қоршап қойды. Ғимараттың ішіне кіруге болмайды. Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығында жарылғыш зат іздеген.

Қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"25 наурызда елорда аумағында терроризмге қарсы "Найза-Антитеррор-2023" оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың сан алуан террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы дайындығын тексеру", - делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты оқу-жаттығуларды барынша шынайы өткізуге басымдық беріліп отыр.

"Сондықтан қала тұрғындарын оқу-жаттығу шараларына, сондай-ақ басқа да шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаңыздар", - дейді штаб мамандары.