Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда жоғалған зейнеткердің денесі табылды

AstanaTV
26.03.2023ж. 16:29
1071
Павлодарда жоғалған зейнеткердің денесі табылды

Павлодар қаласында бір апта бұрын жоғалған егде жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Vita" іздестіру ұйымының хабарлауынша, 19 наурызда 69 жастағы ер адам Шығыс өндірістің аймағында орналасқан кәсіпорыннан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Үйіне бармады, ертесінде жұмысқа да келген жоқ.

Павлодарлық еріктілер мен полицейлер зейнеткерді бірнеше күн іздеді, бірақ еш жерден таба алмады.

Белгісіз біреу туысына қоңырау шалғаннан кейін жоғалған ер адамның денесі табылды. Ол кісі зейнеткердің өзі ұстаған телефонды сатып алуға ұсыныс жасаған. Полиция қоңырау шалынған жерді анықтап, сатушыны ұстады.

"Күні кеше жақын жерде жоғалған ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ер адамның қалай қайтыс болғаны анықталады", - дейді еріктілер.