Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау курортының бірі жабылды

AstanaTV
26.03.2023ж. 16:59
1335
Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау курортының бірі жабылды

Алматы қаласының таулы жерлерінде 28 наурызға дейін қар көшкіні жүруі ықтимал.  

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 26 наурыздағы №10 дауылды ескертуі негізінде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі жылымықтың әсері мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 26-28 наурыз аралығында қар көшкін қаупі жоғары деңгейде сақталатынын мәлімдеді.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, жыл басынан бері жалпы көлемі 62 мың текше метрден асатын қар көшкіні өздігінен 60-тан астам рет жүрген. Зардап шеккендер болған жоқ,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлері бірлесіп, «Пионер» тау курорты аумағында мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта қар көшкіні қаупі себебінен тау курорты жабық. Әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, демалушылар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Іле-Алатау ұлттық паркінде (Алмарасан, Аюсай) көшкін қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылып жатыр. Блок-бекеттері қойылып, «Қазселденқорғау» қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.

Алматы қаласы ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесі тұрғындарды таулы жерлерге бармауға, қар көшкінін болдырмас үшін қарлы беткейлерге шықпауға шақырады.