$450.79 €482.21 ₽5.05
×

80 жастан асқан қария көкпардан қол үзген емес

AstanaTV
26.03.2023ж. 18:20
1371
80 жастан асқан қария көкпардан қол үзген емес

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе ауылының тұрғыны Қалдан Шәмшиев 80 жастан асса да, көкпардан қол үзген емес.

Наурыз көкпары экс-шабандоз Қалдан ақсақалдың батасымен басталды. Ұлттық спортқа ақсақал аса ықыласпен қатысып, жас шабандоздарға мастер класс көрсетіп, өзінің кезекті салымын салды. Қолы қарулы кісі ешқандай спортпен айналыспаса да, күреске өте мығым. Ақсақал 21 жасында екі ортан жілікті қосып сындырған деседі. Жасында жылқышы болған атамыздың тірідей қасқыр ұстағанын көргендер де бар екен. Тіпті жаралы қабанды бір ұрып өлтірген сәтін бүгінге дейін ауыл тұрғындары ауыз толтырып айтады. Көкпар десе делебесі қозатын ақсақалдан наурыз көкпарының ертесіне шаршадыңыз ба?- деп сұрап едік. Экс шабандоз: «Шаршағаным жоқ, осы аулаға тал отырғызып келіп отырмын» - деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгінде ақсақал ауласын гүлзарға айналдырған,-деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.