Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Enbek.kz порталында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

AstanaTV
27.03.2023ж. 17:36
1952
Enbek.kz порталында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн- жәрмеңкесі өтеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 наурызда өтетін жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және басқа да 15 ірі жұмыс беруші қатысады.

Жәрмеңкеде әртүрлі мамандық бойынша 350-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-таныстырылымын өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

«Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады», - делінген хабарламада.

Өтініш берушілер қатысу үшін порталдың жеке кабинетін ашуы немесе оған кіруі және тіркелуі қажет. Жәрмеңке басталар алдында аталған электрондық поштаға шақыру хаты жіберіледі.