Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

27.03.2023ж. 20:00
775
Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіреді, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады деді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Шавкат РАХМОНОВ, АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРІ:

Жалпы кездесу өте керемет өтті. Мен үшін бұл өте үлкен абырой. Осындай жерге келіп Қазақстанның басшысымен кездесу. Бәріңізге үлкен рақмет. Елімізді, көк туымызды әрқашан көтере беріңіздер.