Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 35 миллион теңге сыйға тартты

27.03.2023ж. 20:00
1075
Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 35 миллион теңге сыйға тартты

Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 35 миллион теңге сыйға тартты. Уимблдон жеңімпазынан 14 спортшының әрқайсысы екі жарым миллион теңгеден алды. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, іріктеуді Елена өзі жүргізген. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена қазір әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. Бір күн бұрын ол Майами турнирінде Пауло Бадосаны жеңді. 2 сағат 33 минутқа созылған тартысты ойында қазақстандық спортшы бірінші сетте 3:6 есебімен есе жіберіп, екінші сетті 7:5, және үшінші сетті 6:3 есебімен ұтты.