Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Күдіктілер тізіміне негізсіз енген екі азамат құзырлы органнан 10 миллион теңге талап етіп отыр

AstanaTV
14.09.2016ж. 20:00
2032
Күдіктілер тізіміне негізсіз енген екі азамат құзырлы органнан 10 миллион теңге талап етіп отыр

Ақтөбе облысының тұрғындары, ағайынды Қожаниязовтар Ішкі істер департаменті мен жергілікті басылымның бірін сотқа берді. Олар 10 миллион теңге талап етіп отыр.

Еске салсақ, ағайындылар биыл 5 маусыда Ақтөбеде болған қанды оқиғада лаңкестердің тізіміне еніп кеткен. Біреуіне іздеу жарияланса, енді бірі қаза болған қылмыскер ретінде көрсетілген. Бұл хабарды іліп әкеткен ақпарат құралдары, қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағанның бірі Самат Қожаниязов болуы мүмкін деп жариялап жібереді. Аталған істі Ақтөбе қалалық соты қарап жатыр.

Самат Қожаниязов, жәбірленуші:

Талабым мен өз-өзімді ақтап шығуым керек. Мен жазбаша ақталып, себебі менің соңымнан еріп келе жатқан ұлым бар, қызым бар. Онсыз да мұның кесірі тиіп жатыр. Бір жерге справка алып барсаң, күттіріп қояды. Сіздер осындайсыздар деп. Оның бәрі маған ауыр. Мен осы жүргенде мен әрең жүрмін, қарап отырсаң. Содан кейін давление көтеріліп кетті. Оған дейін болған жоқ. 

Мансұр ЕСХОЖИН