Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мәжіліс төрағасы ретінде Қошановтың кандидаты ұсынылды

AstanaTV
29.03.2023ж. 12:18
1071
Мәжіліс төрағасы ретінде Қошановтың кандидаты ұсынылды

Мәжіліс төрағасы ретінде AMANAT партиясының атынан Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды.

ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.

«Сегізінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағалығына Қазақстанның мемлекет әрі саяси қайраткері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты ұсынамын», - деді Б. Ізмұхамбетов.