Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жанар-жағармай бекетінің жанында тұрған көлікті ұрлап кеткен

AstanaTV
29.03.2023ж. 13:37
1350
Жанар-жағармай бекетінің жанында тұрған көлікті ұрлап кеткен

Орал қаласының Абай полиция бөліміне арызданушы келіп, көлігінің қойып кеткен жерінде жоқ екенін айтып арызданды.

«ВАЗ -2110» маркілі автокөлігінің иесі көлігі сынып келе жатқан соң қала орталығындағы жанар-жағармай құю станцияларының бірінің жанына ешкімге кедіргі жасамайтын жерге қойып кеткен. Бірақ арада бірнеше күн өткен соң келіп қараса көлігінің жоқ екенін байқап, полицияға жүгінеді.

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Абай ПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сол жанар-жағармай құю станциясының бір бұрышына орнатылған бейне бақылау камерасы және көшеде орнатылған камералар арқылы белгісіз екі жігіттің көлікті сүйреп жолдың жанына қойғанын, одан соң көлікті эвакуатор көмегімен алып кеткенін байқайды.

Тергеу барысында бөтеннің мүлкін заңсыз иемденген күдіктінің 1981ж.т. осы жанар-жағармай құю станциясында жұмыс істейтіні анықталды. Ол жасаған ісін мойындап, автокөлікті бөлшектеп сатып үлгергенін де жасырмады. Ұрланған зат жартылай тәркіленді.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-деп хабарлайды БҚО ПД Баспасөз қызметі.