Апаттық жағдайда тұрған осындай спорттық нысандар басқа облыстарда да бар. Еліміздегі 487 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 83-і әлі күнге дейін ғимаратты жалға алып отыр.
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жаңа спорт нысандарын салу және ескілерін жөндеу жұмысы кезең-кезеңмен жүзеге асатынын хабарлады, деп жазады qazaqstan.tv.
Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Аманбай Нұрмаханбетовтың айтуынша, "Алдағы 5 жылға 113 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, күрделі жөндеуді талап ететін 20 спорт нысаны бар. Ол жұмыс та кезек-кезеңмен жүзеге асырылады."