Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Өзекті экономикалық мәселелер мемлекеттің басты назарында болады», - Ерлан Қарин

29.03.2023ж. 20:00
1738
«Өзекті экономикалық мәселелер мемлекеттің басты назарында болады», - Ерлан Қарин

«Саяси реформалар жалғасады, саяси жүйе одан әрі жаңғыртыла береді». Осылай деген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің сөзіндегі негізгі месседждерді атады. Ол өзінің телеграмм каналында жеті негізгі бағытына тоқталды. Мемлекет азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, өзекті экономикалық мәселелерді шешуге баса назар аударатынын айтты.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Ең бастысы, Президент басты мақсатына жету, яғни халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында өзі бұған дейін ұсынған негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Бұл қағидаттар – заң үстемдігі, ел бірлігі, әлеуметтік жауапкершілік және ішкі саяси тұрақтылық.