Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде өз үйінде баласы екеуі өлі күйде табылған әйелдің бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өзіне-өзі қол салған

29.03.2023ж. 20:00
1559
Ақтөбеде өз үйінде баласы екеуі өлі күйде табылған әйелдің бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өзіне-өзі қол салған

Ақтөбеде анасы мен баласын өз үйінде өлтіріп кеткен. Әйелдің жасы 35те, бала 16да. Ал 13 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде. Бұл жантүршігерлік қылмысты кім жасағаны белгісіз. Полиция тергеу тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға болған жерге барып, көршілермен куәгерлермен тілдескен тілшіміз Бақыт Рахметованың репортажы.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қайғылы оқиға менің артымдағы үйде таңғы сағат бестің шамасында орын алған. Қазір бұл жер қоршалған. Полиция мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Ал отбасы бұл жерде бес алты жылдан бері тұрады.

Жалғызбасты келіншек екі баласымен осы үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді. Тек жедел-жәрдем келіп, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.

Рафаэль КАРИМОВ, КӨРШІСІ:

Біз естігенде есеңгіреп болдық. Негізі подьезіміз тыныш. Мұндай болады деп ойламадық. Күтпеген жағдай.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Келген жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлген белгілері бар мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің он үш жасар қызы балалар ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды.

Сафия мойын тұсынан бес жерден пышақталған. Дәрігерлер жағдайы ауыр дейді.

Ербол ЖАПАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Кесілген мойын жарақатымен алып келді қабылдау бөліміне. Сол міндетті түрде баланы операцияға көтерді. Операция жасалды. Қазір баланың жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Реанимация бөлімінде жатыр.

Марқұм әйел алты жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Сол бұрынғы жолдасы да күні кеше өзіне-өзі қол салыпты. Артынша отбасында мынадай жағдай болып отыр.

Татьяна ИГНАТЬЕВА, СОФИЯНЫҢ ӘЖЕСІ:

Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі-менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны бір-ақ,әлі маған көрсетпеді.

Полицияға қыз бала телефон шалып, көмек сұраған. Бұл оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Әзірге бәрі жұмбақ. Күрделі отадан шыққан 13 жастағы София есін жиған соң ғана оқиғаның мән-жайы белгілі болмақ.