Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жылу электр орталықтарын жөндеуге 90 млрд теңге жетпей тұр», – министрлік

29.03.2023ж. 20:00
763
«Жылу электр орталықтарын жөндеуге 90 млрд теңге жетпей тұр», – министрлік

Еліміздегі жылу электр орталықтарын жөндеуге 90 миллиард теңге жетпейді. Керек қаржыны энергетика министрлігі қайдан аларын білмей отыр. Екібастұзда болған апаттан кейін комиссия құрылып, бүкіл жылу электр орталықтарының жағдайына талдау жасалған болатын. Жөндеуді қажет ететіндеріне қаржы заңға сәйкес тұтынушы төлейді немесе бюджеттен бөлінуі керек. Ал инвесторларды қызықтыру қиынға соғатын көрінеді.

Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күрделі мәселелер. Біріншіден 5 жылдық, 7 жылдық мерзімге көрсетіп беру керек инвесторға осындай өсіп отырады тариф. Тариф жылда өсіп отырады дегеніміз, жылда ақша көбейіп отырады дегеніміз. Сонда меншік иесінде сенімділік болады. Осындай жұмыстарды жасауға болады екен, өйткені қайтарылады екен деген ақшаны. Екіншіден біз талап қойып отырмыз жұмсаған ақшаны, қалай жұмсағанын нақты. Бізге көрсетіп беріңіздер, жария етіп беріңіздер. Халыққа, басқа мамандарға.