$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Жасөспірімдер 8 жасар баланы қорлаған

AstanaTV
30.03.2023ж. 17:33
1284
Жасөспірімдер 8 жасар баланы қорлаған

Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданып, 8 жасар баласының зорлық көргенін айтқан.

Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады.

Оның айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде өздерінен әлдеқайда кіші баланы қорлаған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірі - 2011 жылғы жасөспірімнің әкесіне ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.

Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке жолдау мәселесін қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады полиция.