Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қор нарығында доллар бағамы шамалы арзандады

AstanaTV
30.03.2023ж. 17:00
794
Қор нарығында доллар бағамы шамалы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,05 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448, 39 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 453 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңгеден болса, сатып алу – 451,5

Алматыда Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,75 - 5,85 теңгеден сатылуда.