Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Екібастұзда жылу электр орталығы ауаны ластаған

30.03.2023ж. 20:00
781
Екібастұзда жылу электр орталығы ауаны ластаған

Екібастұзда жылу электр орталығы ауаны ластаған. Екінші рет сынама алған экологтар ауада зиянды қалдық мөлшерінің бар екенін анықтады. Бірнеше күннен бері шаһарды қою қара түтін басқан болатын. Оған тұрғындар шағымданды. Осыдан кейін, облыстық экология департаменті жылу орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде орталықтың санитарлық қорғау аймағын ластағаны белгілі болды.

Жомарт КӘРІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қаланы ластауға 15 қазандықтың жұмысы себеп болған. Бункерлерде қалған көмір қалдығын жағу кезінде күл ұшқан. Бұл заңбұзушылық болып табылады. Сондықтан кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылады.