Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада сатирик Көпен Әмірбектің бес томдық шығармалар жинағы таныстырылды

AstanaTV
30.03.2023ж. 21:03
696
Елордада сатирик Көпен Әмірбектің бес томдық шығармалар жинағы таныстырылды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-сатирик, қоғам-қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Шараға марқұмның үзеңгілес достары, әріптестері мен басқа да белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. 500 данамен басылып шыққан туындының бірінші томында сатира жанрындағы дүниелер топтастырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Екінші томы Көпен Әмірбектің әр жылдардағы сұхбаттарына құрылыпты. Ал III-IV томында «Жол жөнекей» атауымен, қаламгердің жазған шығармалары, бесінші том «Фотоальбом» болып жинақталған.

"Көпекеннің шығармашылығына келетін болсақ, мектепте жүргенде бастады. Мен туған інісі ретінде айтайын. Шынында да сол ағамызға қарап, сол сатира саласына бет бұрдым. Бүгін ағамыздың бес томдық кітабының таныстырылымы болып жатыр. Өзі көзі тірісінде көріп кетті. Жүйелі жұмыс жасады. Өзі ауырып жүрседе, дені сау адам мұндай жұмыс жасай алмайды",- Көпен Әмірбектің інісі Базарбек Әмірбекұлы