Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысында екі жасөспірім 2-сынып оқушысына зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

AstanaTV
31.03.2023ж. 08:29
724
Алматы облысында екі жасөспірім 2-сынып оқушысына зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданып, оның кәмелетке толмаған ұлын екі жасөспірімнің қорлағанын айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 

Қасымбек ауылының тұрғыны полиция бөліміне 23 наурыз күні арызданған. Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлаған.

Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған көрінеді.

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Бұдан өзге, 27 наурызда дәл сол жасөспірімді мамандандырылған мектепке орналастыру мәселесін қарау үшін уәкілетті органға тиісті материалдар жолданғаны айтылған. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.