Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірім өзіне-өзі қол салды

31.03.2023ж. 20:00
860
Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірім өзіне-өзі қол салды

Алматы облысы Тұрар ауылында кәмелетке толмаған жасөспірім өзіне-өзі қол салды. Оны қорада асулы күйінде әжесі тапқан. Әжесінің айтуынша, 2007 жылғы немересі мектептен келген соң, тамағын ішіп, ұйықтап қалған. Жантүршігерлік оқиға 2 сағаттан кейін болыпты. Көршілерді шақырып, медициналық көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.