Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жыл басынан бері Алматыда жол апатынан 107 бала зардап шекті

31.03.2023ж. 20:00
1131
Жыл басынан бері Алматыда жол апатынан 107 бала зардап шекті

Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 107 бала зардап шегіп, біреуі көз жұмды. Әсіресе, жасөспірімдер жол апатына жие ұшырайды екен. Себебі неде? Әріптесім Әйкерім Пернебек анықтап көрді.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Міне, қарама қарсы бағытта мектеп. Ал мынау жаяу жүргіншілерге арналған жол. Қазір жолдың арғы бетіне оқушылармен бірге өтейік. Алайда бағдаршамның жоқтығынан өте мұқият болу керек. Әсіресе, бүгінгідей туманды ауа райында сақ болу маңызды. Алматыда ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің кесірінен және жүру ережелерінің сақталмауы салдарынан жарақат алған балалардың саны көбейген.

Жолда жүру ережесін жүргізушілермен қатар жаяу жүргіншілерде сақтауы қажет. Әсіресе, ойын балалары асығып жолға жие шығады. Қауіпсіздікті сақтау үшін оларға ережені күнделікті ескертіп отырған жөн.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бірінші оңға-солға қараймыз. Машина тоқтағанын күтеміз. Мәшине тоқтамаса онда жүрмейміз, өйткені сендерді қағып кетуі мүмкін. Біз бағдаршамға бағынуымыз керек.

- Балалар пешеходный переходтан автөлік тоқтағанша өту керек. Себебі автокөлік тоқтап үлгермеуі мүмкін.

- Жолдан қалай өту керек білесің бе?

- Иә.

- Қалай?

- Асықпау керек

Ережені бәрі ежіктемей айтып-ақ тұр. Бірақ естен тез шығарады. Мектеп, балабақша баратын жолдардың барлығында жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жоқ. Болғанның өзінде өтуге қауіпті. Сондықтан ата-аналар үнемі балаларының амандығына алаңдап отырады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өзім алып келемін алаңдаймын жолдан өткенге. Тез жүреді ғой. Біздікі мына 138-де оқиды. Ана жақта жолдан өтеді. Өте қауіпті менің ойымша.

- Зуылдап өтеді ешқандай не жоқ, балалардан қорқамыз сол кезде. Келгенше асығып, қарап отырамыз. Пешеходты пешеход бар деп ойламайды.

- Шынымен бұл жерде кейде машиналар қарамайды тез жүріп кетеді де кейде қағып кетуі мүмкін да балларды. Мектептің жаны болғаннан кейін қауіпті деп ойлаймын.

Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, балалар көбінесе жолды кесіп өту кезінде зардап шегеді екен. Жыл басынан бері 60 оқиға тіркелген. Соның жиырмасы көлік жүргізушілердің жылдамдықты шектен асыруынан, қалғаны темір тұлпарды дұрыс басқармау секілді ереже бұзудан болған.

Тәуліктік талдауға келсек, сағат таңғы 06:00-ден бастап 18:00-ге дейін 60 жол-көлік оқиғасы орын алған. 27-і 18.00-мен 24.00-дің аралығында тіркелген. 24.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта тағы 8 ЖКО болды.

Әсіресе, жасөпірімдер жол ережесіне сақтықпен қарай бермейді екен. Жартысынан көбінде 16-17 жастағылар зардап шеккен. Жол апаттарының басым бөлігі жұмыс күндері орын алған.

Еркін ӨТЕГЕНОВ, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде мысалы тек қана балалар емес, үлкен адамдар да сақтамай жатады. Енді бағдаршам орнату, ол біріншіден жаңағы технический регламентеке, технический стандартқа сай болу керек. Егер жол толық мөлшерде сәйкес болып, соған қажеттілік болса - ол орнатылады. Біздің қызметкерлер жылына емес, айына бір рет тексеріп тұрады. Әр мектептің айналасындағы жолды, оның жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам, жол белгілерін, бәрін-бәрін біз тексеріп тұрамыз.

Сақтық шараларын тұрақты жүргізу, жол белгілерін орнату, тексеру жұмыстарын әлде де күшейту керек. Сонда ғана жол апатын азаймақ.