Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Швейцарияда теміржол апатынан 12 адам зардап шекті

AstanaTV
01.04.2023ж. 17:01
936
Швейцарияда теміржол апатынан 12 адам зардап шекті

Берн кантонында 2 жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасы Euronews-ке сілтеме жасап.

Теміржолдағы апаттан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен. Жарақаттанған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бір адам ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы өлшеу стансасы желдің екпіні сағатына 136 км болғанын тіркеген.