Негізгі / Жаңалықтар / Каспий құбыр консорциумы Қашаған мұнайын қабылдауға дайындық үстінде

Каспий құбыр консорциумы Қашаған мұнайын қабылдауға дайындық үстінде

Каспий құбыр консорциумы Қашаған мұнайын қабылдауға дайындық үстінде. Бұл туралы консорциум өкілдері Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Аталған кен орны қазан айында іске қосылады деп жоспарланғаны белгілі. Алдын ала болжам бойынша, Қашағаннан өндірілетін қара алтын көлемі айына 600 мың тоннаны құрамақ. Консорциум басшысының пікірінше, бұл кен орнынан шығатын мұнайдың сапасы тиісті талаптарға сай келеді.

Николай Горбань, Каспий құбыр консорциумының бас директоры:

Келесі жылы ұлғайту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жоба іске асса, Қазақстаннан 52,5 млн тонна мұнай қабылдайтын боламыз. Әрине, барлығы кен орындарына байланысты. Олар өз мүмкіндіктерін қолданады деп сенеміз. Биыл мұнай құбырларында пайданың артылуы байқалады. Біз осы жылға жоспарланған барлық тапсырысты қабылдай аламыз.   

А. ҚОСАНОВ