Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

AstanaTV
02.04.2023ж. 07:01
1038
Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Түркияның Анталья қаласында ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ж.Құламбаева ресейлік Дарья Лодиковамен бірге финалда швециялық Жаклин Кабай Авад - грекиялық Марта Матуламен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаеваның жекелей сында да үздік шығатындай мүмкіндігі бар. Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 909-орында тұрған түркиялық Башак Эрайдынды 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Ж.Құламбаева ертең финалда рейтингте 622-сатыдағы чехиялық Дениса Хиндовамен шеберлік байқасады.