Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әнші өнерде оранып жүретіндерді сынға алды

AstanaTV
02.04.2023ж. 09:27
1690
Әнші өнерде оранып жүретіндерді сынға алды

Танымал әнші Жанна Орынбасарова өнер әлемінде оранып жүретіндерді сынға алды. Өнер иесі олардың өз ісіне өзі қарсы шыққанын айтып, NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында осыған қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Меніңше, бұл дұрыс емес. Неге десеңіз, олар өз сөздеріне өздері қайшы келіп жүр. Себебі, олар айтқандай, әйелдері оранып, бетін бүркеп жүретін елдер сахнаға шығуға мүлде қарсы. Ал бұлар соларға еліктеп, "анау харам", "мынау харам" дейді де, қастарына татуаж, бетіне бояу, ерінін екі елі қылып өсіріп алып, сахнада жүреді. Сонда ол харам емес пе?! Кімді алдағылары келеді? Керісінше, қазақтың тарихында ән айтып, күй шертіп, жыр төккен жандарды дастарханның төріне отырғызған емес пе еді? Біздің ата-дәстүріміз қайда қалды сонда? Осыған зығырданым қайнайды", -деді Жанна Орынбасарова.