Қарағандыда металлургия зауытының атын жамылған майнинг фермасы анықталды. «Темір шығарамын» деп үкіметтен барлық жеңілдікті алып алған серіктестік металдың орнына криптовалюта өндірмек болыпты. 1800 асик , яғни ақпараттық майнинг қондырғысы мен 10 мың кабель және қуаттандыру құрылғысы. Барлығы «Қарағанды кешенді балқыту зауыттыкі болып шықты. Бұл тауарлардың құны 395 млн теңге. Оларды серіктестік шетелден ешбір салықсыз контарбандалық жолмен әкеліп, жақында қоспақ болған. Қаржы полициясы дер кезінде анықтап жолын кесті. Аталған кәсіпорын «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағынан ашылған. Бұл аймақта металлургия саласындағы зауыттарға тегін жер, инфрақұрылым беріліп қана қоймай мүлік және кедендік баж салықтарынан босатылады. Осыны пайдаланған серіктестік криптолвалюта өндіріп, пайдаға кенелмек болыпты.
Зарина ҚҰСМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Тергеу барысында Қарағанды облысындағы «Қарағанды кешенді балқытыу зауыты» тауарды Грузияның Тбилиси қаласынан ешбір салық, кедендік баж төлемдерінсіз кіргізгені анықталды. Бұл қондырғылар металлургия өндірісінде қолданылмайды, яғни серіктестік «Сарыарқа» экономикалық аймағының талаптарын бұзған. Бұқар жырау аудандық соты серікестіктің деклорация бөлімінің жетекшісін 1,5 жылға шартты мерзімге соттады.