$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбелік шаруалар егінін еге алмай, төрт түлікті түлете алмай отыр

03.04.2023ж. 20:00
1062
Ақтөбелік шаруалар егінін еге алмай, төрт түлікті түлете алмай отыр

Жем-шөпке субсидия берілмейді. Ауыл шаруашылығына арналған несиенің пайызы өсті. Ақтөбелік шаруалар осы секілді 15 мәселені көтеріп, шу шығарды.

Егінді еге алмай, төрт түлікті түлете алмай отырған шаруалардың мұңын тілшіміз Бақыт Рахметова жеткізеді.

Жиналған шаруалар көкейкесті он бес сауалды қойды. Ол ең әуелі субсидия, екіншісі жеңілдетілген несие мәселесі. Шаруалар сол мемлекеттен берілетін қолдаудың арқасында күнелтіп отырғандарын айтады.

Марлен БАЙМАҒАМБЕТОВ, «АҚТӨБЕ ФЕРМЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ» АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мәселеміз ауыл шаруашылығы төңірегіндегі проблемалар мысалы былтыр 16,17 пайызбен несие төленсе, биылдан бастап 22,24 пайызға көтеріп жіберді. Солярка былтыр 160 теңге болса, биыл 207 теңге болып қымбаттап кетті. Қымбатшылыққа қарсы. Егінге дайындық мәселесі жүрмей жатыр. Себебі мына жеңілдетілген несиені алу қиын.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының шаруалары бұған дейін 20 млрд теңге көлемінде субсидия алып келген. Оның 12 млрд теңгесі республикалық бюджет, қалғаны жергілікті қазынадан қаржыландырылған. Ал биылдан бастап шаруалардың айтуынша жем-шөпке берілетін субсидия тоқтатылады дейді. Ол тоқтайтын болса көптеген шаруалардың жағдайы қиын болмақ.

Тоқаш НҰРҒАЛИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Үкіметке сеніп кредит алдым. Жылқы малын алдым. Енді кормаға субсидия бермесе біз техниканы қазір дайындай алмаймыз. 12 млн кредит төлеуім кере. Оны қалай төлеймін.

Шаруалар соңғы кезде мал бағудың қиындап кеткендігін айтады. Айтуларынша шығын көп. Қымбатшылық алқымнан алғанда енді шаруаларға берілетін несие 25% дейін көтерілген.

Мақсат БАЛҒАЗИН, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кредит мәселесі қазір 24,25 пайызға көтеріп жіберді. Ол өте қиын. Ауыл шаруашылығы құрылымдары оны көтере алмайтын болғандықтан оны алмайды. Субсидия беріп жатырмыз дейді. 14,16 пайызбен беріп жатыр. Біздің сұрап отырғанымыз бізге тікелей 2,5 пайызбен ақша беріңіз. Ол субсидияны тікелей қаржы институтқа беріңіз. Бір қолдан бір қолға , әрлі берлі ол ақшаны айдамайық.

Жиналған қауымға шенділер басу айтты. Субсидиялар мәселесі шешіліп жатқан көрінеді. Сондай- ақ биыл пилоттық жоба жасалып, шаруаларды қаржы институттары тікелей қаржыландыру мәселесі де шешілуі мүмкін.

Нияз КӨШКІМБАЕВ, «БАЙТЕРЕК »ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Сол субсидияны барлығы именно Байтеректің қарамағындағы еншілес компаниялар неге прямой түспейді дейді. Енді Минсельхозбен ол жұмыс жасалып жатыр. Негізі оларда қарсы емес. Ақтөбе облысы хотя бы осындай пилоттық жоба өткізіп, осы субсидияны прямой несие компанияларға төлеңдер деген қарастырамыз.

Жалпы Ақтөбе облысында жеті мыңға жуық шаруа қожалығы бар. Оның тең жартысы субсидиямен күн көріп отыр.