Ақтөбедегі спорт мектебі директорының орынбасары жауапқа тартылмақ. Еске салайық, оқиға желтоқсан айында болды. Таңғы жетіде Темір ауданынан қалаға жарысқа шыққан спортшылар мінген жеті орындық көлік аударылды. Рульдегі спорт мектебі директорының орынбасары қалғып кеткен. Көліктегі 9 баланың біреуі сол жерде қаза тапты. Басқа балалар мен олардың бапкері зардап шекті. Бұған қатысты бүгін сот отырысы басталды.
Жанар ИСАНАЛИНА, АЛҒА АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Қылмыстық кодекстің 141 бабы 2 бөлігімен сараланған. Аталған бап қылмыстық бұзушылықтары туралы мына Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық бұзушылықтар туралы соттар қарайды. Осыған қатысты заң талабына сай ескеріп сот осындай қаулы шығарып отыр. Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдау қажет.