Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматы облысында төрт адам ауруханаға баса көктеп кіріп, төбелес шығармақшы болды

06.04.2023ж. 20:00
1100
Алматы облысында төрт адам ауруханаға баса көктеп кіріп, төбелес шығармақшы болды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында төрт адам ауруханаға баса көктеп кіріп, төбелес шығармақшы болды. Тергеу барысында екі азаматтың арасында «Наурыз» мерекесінен кейін жанжал туып, арты төбелеске ұласқаны анықталды. Нәтижесінде оның біреуі денсаулыққа зиян келтіретін затпен екіншісін жарақаттапты. Жәбірленуші хирургиялық бөлімге жеткізілген. Күдікті бірнеше жолдасымен бірге жәбірленуші емделіп жатқан медициналық мекемеге «бастаған ісін аяқтамақшы» болып келген.

Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Төрт адамның заңсыз әрекеттері видеоға түсірілген. Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамаққа алынды.Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.