Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент төрт мемлекет елшісінен сенім грамотасын қабылдады

06.04.2023ж. 20:00
1006
Президент төрт мемлекет елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Президент төрт мемлекет елшісінен сенім грамотасын қабылдады. Ақордаға Малайзия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Түркия және Иран елшілері келді. Мемлекет басшысы дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде біздің Үкімет оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті. Осыдан соң еліміздің аталған 4 мемлекетпен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты.

Мустафа КАПУДЖУ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Біз елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскеніне қуаныштымыз. Қазақстандағы жұмысым барысында екі елдің қарым-қатынасын нығайту үшін бар күшімді салып жұмыс істеймін.