Adv pic
$475.25 €505.52 ₽4.95
×

"20 млн теңге": Дана Кентай қалыңмалының қанша екенін айтты

AstanaTV
07.04.2023ж. 10:30
464
"20 млн теңге": Дана Кентай қалыңмалының қанша екенін айтты

Отандық әнші Дана Кентай қалыңмалының қанша екенін айтты.

Өнер иесі бұл жайлы Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қалыңмалымды қанша млн теңге дейін? Мен енді консерватория оқыдым, магистратура бітірдім. Қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяным мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?", - деп сұрады көпшіліктен.

Ал әншінің сауалына көпшілік "2 млн теңге, 20 млн теңге", - деп жауап берген.

Алайда әншіні 2 млн теңге деген жауап қанағаттындырмай, ол 20 млн теңге деген нұсқаны таңдады.

"2-ақ млн теңге ме? 20 миллион теңге деді мында. Қалыңмалым 20 млн теңге, трлн. Жақсы, қазақи, иманды жігіті болса болды. Тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес", - деді Дана Кентай.