Еліміздің әр өңірінде Президент Жолдауындағы міндеттер жан-жақты түсіндірілуде. Атырау, Жетісу және Жамбыл облыстарында өткен жиындарда экономиканы әртараптандыру мен әлеуметтік саладағы түйткілдер сөз болды. «Әділет» партиясының өкілдері халықпен тікелей жүздесіп, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жұмыстарды пысықтады. Әр аймақ өз саласы бойынша нақты жобаларды қолға алуда.
Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы жаңа жолдауды өздігінше талқылады. Кәсіпорында «Әділет» партиясының бастауыш ұйымы құрылып, бюро мүшелері сайланды. Жиында еңбек адамының табысын арттыру және жас мамандарды қолдау бағыттары айтылды.
ӨМІРБЕК ХАРЕСОВ, «АМӨЗ» ЖШС БАСТАУЫШ ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ұнағаны білімді жетілдіру, ғылымды жетілдіру, жаңа технологияны қолдану. Өйткені жақында пайда болған ЖИ игерген маман еліміздің дамуына өз үлесін қоса алады. Сонымен қатар маған жақсы ұнағаны адами қасиетті, руханиятты. Өйткені адал адам болу, елдің тәртібін сақтау, заңға құрмет, елге адал қызмет ету ол үлкен бір мәселе.
Ал Талдықорғандағы «Айналайын» орталығында балалардың құқықтары мен инклюзивті білім беру жүйесі қаралды. Өңірде «Құрылыс жылы» аясында бес жаңа мектеп салынады. Сонымен қатар қолданыстағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.
ГҮЛНИСА ТҰЛЫМШАҚОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
“Құрылыс жылы” деп аталуы өте қуантты. Соның ішінде білім мекемелерін салу, медициналық мекемелерді салу. Яғни оның бәрі нені айтады? Болашақта балаларымыз тек қана бір жылы, әдемі, жарық жерде отырмайды, олар қауіпсіздікпен де қамтамасыз етіледі. Тіпті жылудың өзі қауіпсіздік деп айтуға болады, өйткені ол тікелей денсаулыққа әсер етеді. Ал балаларымыздың дені сау болуы ол тікелей жаңағы жылуға, жарыққа байланысты деп айтсақ та болады.
Сондай-ақ, Таразда денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен арнайы жиын өтті. Жиында учаскелік дәрігерлердің жалақысын көтеру және ауылдағы кадр тапшылығын жою мәселелері талқыланды. Сондай-ақ медицина нысандарын заманауи құралдармен жабдықтау жолдары қарастырылды.
УАЛИХАН БОЛАТБЕК, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Халық құрылысында медицина саласында бойынша қандай нысандар кіретін болады. Қандай насандырдың құрылысы басталатын болады. Жалпы бізде қандай қажеттілік бар деген сияқты. Содан кейін осы жолдаудағы медицина саласы мамандарының жалақыларын өсіру мәселесіде айтылған болатын. Жолдауда айтылды, енді ары қарай оның артында үлкен жұмыс барғой, сол жұмыстарды қазір әкімдікпен бірлесіп біз атқаратын боламыз.
Әр аймақ өз саласы бойынша нақты жобаларды қолға алып, игі бастамаларды жалғастыруда.