$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ғашық болып қалдым": Заңғар Нұртас жаңа қарым-қатынасы туралы айтты

AstanaTV
07.04.2023ж. 12:07
1398
"Ғашық болып қалдым": Заңғар Нұртас жаңа қарым-қатынасы туралы айтты

Қайрат Нұртастың інісі, әнші Заңғар Нұртас сұлулық байқауының финалисі Мерей Мұратқа Ыстамбұлдан келген әдемі әшекей сыйға тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz

Әшекейді Мерей Мұрат Instagram Stories-інде жариялаған. Бойжеткен әншіні белгілеп, "рақмет" деп жазған. 

Press басылымының мәліметінше, әншінің қымбат сыйлығы оқырмандардың назарынан тыс қалған жоқ. Бұл туралы Заңғар Нұртас та пікір білдірді. Оның айтуынша, екеуінің арасында ештеңе жоқ.

"Негізі, арамызда ештеңе жоқ. Ойлап қалмаңыздар. Ыстамбұлдан белсенді 10 оқырманыма сыйлық әкелдім. Бірақ мына ән ұнады. Ғашық болдым", - дейді ол.