$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады.

07.04.2023ж. 20:00
1688
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады.

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді. Астана әкімі биыл 6,5 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 ауысыммен оқитын 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің жобасы жасалып жатқанын атап өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы одан әрі дамыту, сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жылдың басынан бірінші тоқсанда жалпы экономканы әрбір сала бойынша өсім бар. Оң динамика. Оның ішінде қалаға келген инвестициялар көлемі былтырмен салыстырғанда 20 пайызға өсуін көрсетіп жатыр және мемлекет басшысына инжинерлік және әлеуметтті инфрақұрылым бойынша есеп берілді.