Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

ҚР Бас прокуратура үндеу жасады

AstanaTV
08.04.2023ж. 14:22
894
ҚР Бас прокуратура үндеу жасады

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев ел азаматтарына үндеу жасады.
ҚР Бас прокурорының орынбасары әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақыру түрінде ақпараттар тарап жатқандығына көпті баса назар аудартады.

"Бас прокуратура мұндай акцияларды ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін заңмен белгіленген жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті. Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау - біздің басты басымдықтарымыз".

Сондай-ақ Жандос Өмірәлиев "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның нормаларын сақтау қажеттілігіне және оларды бұзуға жол бермеуге тағы да назар аудартты.
Бұқаралық жария іс-шаралар алдын ала хабардар етумен және осы үшін арнайы бөлінген орындарда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алумен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмайтын шараларды қабылдай отырып, жүргізілуге тиіс.