Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Австрияда қатты тоңып қалған 35 мигрант табылды

AstanaTV
08.04.2023ж. 18:07
860
Австрияда қатты тоңып қалған 35 мигрант табылды

Австрияның оңтүстігіндегі Клагенфурт маңынан жүк көлігінің тіркемесінен қатты тоңып қалған 35 мигрант табылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Euronews-ке сілтеме жасап.

Польшада тіркелген көлік демалыс орнынан тасжолдың қарсы бағытына шығып, жолда дөңгелегін тесіп алған. 7 сағаттық жөндеуден кейін жұмысшылар мөрленген тіркемеден адам дауысын естіген. Олар инфрақызыл камераны пайдаланып, ішінен қозғалыс белгілерін байқады.

Гараж жұмыскерлері полиция шақыртты. Көліктің 68 жастағы жүргізушісі, Түркия азаматы қамауға алынды.

Полицейлердің айтуынша, ол жөндеу жұмыстарының ертеңге дейін аяқталмайтынын естігенде, бірден бастығына хабарласып, ол да тезірек бітіруді талап еткен.

Хабарланғандай, Бангладеш, Непал және Мысырдан заңсыз мигранттар көлікте 70 сағат бойы отырған.