Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

2006 жылы шыққан теңгелер екі аптадан соң айналымнан шығады

AstanaTV
19.09.2016ж. 20:00
3728
2006 жылы шыққан теңгелер екі аптадан соң айналымнан шығады

3 қазаннан бастап 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар жарамсыз болып табылады. Ұлттық банк бұл туралы өзінің ресми сайтында хабарлайды. Демек 2 аптадан кейін аталған номиналды банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды.

Төртінші қазаннан бастап олармен сауда-саттық өзге де қаржылық операцияар жасауға тыйым салынады. Сондықтан банк қызметкерлері осы күнді күтпей-ақ, қолда жүрген осындай ақшаларды айырбастауға кеңес береді. Ал үлгермегендер үшін тағы да бір жыл мерзім белгіленіп отыр. Айырбасталмай қалған ақшаларды қаражат иесі кез-келген екінші деңгейлі банктердің кассасынан жаңасына алмастыра алады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды.

Ал азаматтардан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдамаған қаржылық ұйымдарға айыппұл салынбақ. Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы қаржылық қызметтерді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына шағымдануға болады, - дейді Ұлттық Банк өкілдері.