$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Ресей мемлекеттік думасына сайлауда "Единая Россия" жеңіске жетті

AstanaTV
19.09.2016ж. 20:00
2648
Ресей мемлекеттік думасына сайлауда "Единая Россия" жеңіске жетті

Ресей мемлекеттік думасына сайлауда "Единая Россия" көш бастады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, партия сайлаушылардың 54% дауысына ие болған. Мұны сайлау комиссиясы хаттамалардың 70 пайызын өңдегеннен кейін жария етті. Екінші орында  КПРФ, кейін ЛДПР партиялары келеді. Екі партияның да қоржындарына 13%-дан аса үлестері бар. «Справедливая Россия» партиясы 6 пайыз дауыс жинаған. Өзгелері 5 пайыздық межені бағындыра алмады.

Айта өтейік, халықтың саяси науқанға қатысуы 48% құрады. Мемлекеттік думаға депутаттарды сайлау "аралас жүйе" бойнша жүзеге асып отыр. 225 депутат партиялық тізім бойынша, тағы 225-і бір мандатты сайлау округы бойынша сайланады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА