Ресей
мемлекеттік думасына сайлауда "Единая Россия" көш бастады. ТАСС
агенттігінің хабарлауынша, партия сайлаушылардың 54% дауысына ие болған. Мұны
сайлау комиссиясы хаттамалардың 70 пайызын өңдегеннен кейін жария етті. Екінші
орында КПРФ, кейін ЛДПР партиялары
келеді. Екі партияның да қоржындарына 13%-дан аса үлестері бар. «Справедливая
Россия» партиясы 6 пайыз дауыс жинаған. Өзгелері 5 пайыздық межені бағындыра
алмады.
Айта өтейік, халықтың саяси науқанға қатысуы 48% құрады. Мемлекеттік
думаға депутаттарды сайлау "аралас жүйе" бойнша жүзеге асып отыр. 225
депутат партиялық тізім бойынша, тағы 225-і бір мандатты сайлау округы бойынша
сайланады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА