Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бейнебақылау камералары бойынша Нью-Йорктегі жарылыстың алғашқы күдіктісі анықталды

AstanaTV
19.09.2016ж. 20:00
2443
Бейнебақылау камералары бойынша  Нью-Йорктегі жарылыстың алғашқы күдіктісі анықталды

Нью-Йоркте болған жарылыста 2013 жылғы Бостондағы терактідегідей жарылғыш зат қолданылған. BBC News-тің хабарлауынша, екі оқиғада да жарылғыш зат жарқыншақ толтырылған тамақ пісіретін аппараттан әзірленген.

Жарылыстың ізі бойынша бес атам тұтқындалды. Дегенмен, оларға  әлі ресми айып тағылған жоқ. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо, екі оқиғаны да лаңкестік деп бағаланғанымен, олардың халықаралық терроризммен байланысын айғақтайтын дәлел жоқ деп мәлімдеді. 

Еске салсақ, 17-ші қыркүйек күні Нью-Джерсиде қайырымдылық марафоны басталмас бұрын жарылыс болды. Алайда ешкім зардап шеккен жоқ. Араға 12 сағат салып екінші жарылыс Нью-Йоркте естілді. Салдарынан 29 адам түрлі жарақат алды. Одан кейін арнай қызмет "іске қосылып үлгермеген" бірнеше жарылғыш зат тапты. Нью-Йорк билігі қос марафон кезіндегі жарылыстарды байланыстыруға асықпай отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жарылыста зардап шеккендердің арасында отандастарымыз жоқ деп мәлімдеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ