Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

43 мың теңге. "Қазпошта" қызметкерлері жалақыларына наразы

AstanaTV
09.04.2023ж. 10:28
874
43 мың теңге. "Қазпошта" қызметкерлері жалақыларына наразы

Бейнеті көп, зейнеті жоқ, жалақысы аз жұмыстар дегенде алдымен тілге оралатыны – "Қазпоштаның" курьері мен көше және мекеме тазалықшылары. Сөйте тұра, Жамбыл облысында жұмысшы күшіне сұраныс түсіп тұрған да – осы салалар., - деп хабарлайды Massaget.kz.

Электронды еңбек биржасы - enbek.kz сайтында Жамбыл өңірінде "жалақысы 70 мың теңгеден басталатын көше тазалықшылары керек" екені жазылған. Ал мекеме тазалықшыларының айлық табысы көшедегілерден 1 мың теңгеге артық.

Жамбыл облысындағы "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" автожолы компаниясының жұмысшысы Данияр Сұлтанқұловтың айтуынша, қысы-жазы жол бойын өлекседен, қыста жолды қардан тазалап, бір тынбайтын тазалықшылардың жалақысы аз екен.

"Қымбатшылық қысып тұр. Жұмысшылардың жалақымызды 30 пайызға арттырса деген талап-тілегі бар", - деді ол.

Ал жұмыс беруші тарап, "ШымкентСпецСтрой" ЖШС директорының орынбасары Руслан Бектұрсынов қазір жалақыны 30 пайызға арттыра алмайтынын, тиесілі тендер арқылы ұтып алған қаржы игерілуі тиіс екі жылға жетпейтінін айтып ақталады.

Жамбылда жалақысы тазалықшылардан да төмен жұмысшылар – "Қазпошта" курьерлері.  Хат тасушылардың айтуынша, оларға газетті таратқанына – 10 теңге, тапсырыспен түскен хаттарды тұрғындарға жеткізгені үшін 50 теңге, осылайша жалпы 30 күнде шамамен 43 мың теңге шығады екен.

Жұмыс кестесі 8 сағаттан асып жығылып, 9 сағатқа жететін Халықққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де айлық жалақыларының төмен екенін айтып шағымдануда.

Стастистиканы сөйлетсек, елімізде ең төменгі жалақы төленетін өңірлер – Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстары екен.

Ал Ұлттық статистика бюросының деректерінде елімізде 35 335 адам – 40-45 мың теңге, 187 020-сы – 45-60 мың, 191 426 азаматтың айлық жалақысының мөлшері 75-90 мың теңге аралығында екені көрсетілген.