Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Маңғыстау облысында өлі итбалықтар табылды

AstanaTV
19.09.2016ж. 20:00
2610
Маңғыстау облысында өлі итбалықтар табылды

Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласындағы жағажайда тұрғындар итбалықтардың өлекселерін тапты. Қыркүйектің он сегізі күні бірнеше сүтқоректінің денесі жағаға шығып қалған. Тұрғындардың айтуынша, итбалықтардың денесі теңіз жағалауын бойлай шашылып жатқан. Қазір оқиға орнына қажетті тексеріс жүргізу үшін ветеринарлық қызмет жөнелтілді.

Аслан Құжиев, Маңғыстау облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі:

Біз қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тиісті органдарға да талаптар жіберілді. Қазіргі таңда арнайы құрылған жұмыс тобы тексеріс жүргізуде. Сондай-ақ, итбалықтардың өлі денелерін жинап, тиісті сараптама жүргізіп жатыр. Осы сараптаманың қорытындысы бойынша мән-жайдың анық-қанығын білетін боламыз. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл итбалықтардың жаппай қырылуы бірінші рет емес. 2000 жылы Каспий жағалауында мыңдаған сүтқоректінің өлексесі табылған. Ол кездегі оқиғаның себебі уыттың денеге жайылуы болған. 2006 жылдың көктемінде үш жүзден астам итбалық обадан қырылған. Сүтқоректілердің теңіз жағалауына өлі күйінде шайылып шығуы 3-4 жыл сайын қайталанып келеді.