Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Таразда бетон қабырға басып қалған балалардың біреуінің жамбас сүйегі сынған

AstanaTV
19.09.2016ж. 20:00
3541
Таразда бетон қабырға басып қалған балалардың біреуінің жамбас сүйегі сынған

Таразда бетон қабырға басып қалған балалардың біреуінің жамбас сүйегі сынған. 3 тонналық қоқыс қоршауының астында қалып қойған екі оқушының бірі Борис Архипцев бүгін жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Туыстары, балаларының беті бері қараған соң, жергілікті әкімдікті сотқа беретіндерін айтты. Айтуларынша, әкімдік қоқыс қоршауын неше жылдан бері қалпына келтірмей, салақтық танытқан. Оқыс оқиғаны көре сала адамдар жабылып, белден төмен басылып қалған балаларды бетон астынан әрең шығарған.

Қадіржан Есжанов, куәгер:

Бері құлады. Сол кезде ана балалар бері қарай секірді. Бірақ жетпей қалды. Сөйтіп анау келіп аяқтың үстіне түсті. Денеге түскенде өлетін еді.

Екі оқушыны жаншып, жазым ете жаздаған бетондардың бекітілмегенін бұқара әкімдікке талай рет ескертіпті. Алайда, құлақ асқан ешкім жоқ, дейді. Ал бұл қоршауларға жауапты жергілікті мекеме «Жасыл-Тараздың» басшысы қандай да бір ақпарат беруден жалтарды.

Гүлбахрам Дүйсекова, Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Солар жауапты - «Жасыл-Тараз». Бағана ғана айтты: «Біз қызмет көрсетеміз. Қоқысын тазалаймыз. Жасап жатырмыз», - деп айтты. Әкімшілікті сотқа бергенде, бұларға ЖКҚ мен «Жасыл-Тараз» жауапты. ЖКӨ-қа бұларға аударып отырған. Бөлінген ақшаны жаңағы ЖКҚ-ға қарайтын болған соң, осылар алып отыр. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ