Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті

AstanaTV
19.09.2016ж. 20:00
2896
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дер кезінде құрылған. Бүгін жаңа министр Нұрлан Ермекбаевпен кездескен бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді. Өз кезегінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының халық арасында радикалды және экстремистік топ мүшелерінің алдын алуға қатысты атқарып жатқан іс-әрекеттеріне көңілі толатындығын жеткізді. Қос тарап діни мәселелердің ушығып тұрған шағында ел ішінде діни-ағарту жұмыстарын бірлесе жүргізіп, иін тіресіп қызмет атқаруға уағдаласты.

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Нақты ұсыныстар болды. Мынау, өздеріңіз білесіздер, имамдардың білімін көтеру үшін оқу жүйесін тереңдету, методикасын жасау, медресеміз медресе-колледж болып жатыр, осының оқу жүйесін тереңдету сияқты бірқатар ортақ жұмыстарды талқыладық.

Д. БАҚДАУЛЕТ