$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Әйел босанғаннан кейін, үш баласын тұншықтырып өлтірген

AstanaTV
10.04.2023ж. 10:30
1371
Әйел босанғаннан кейін, үш баласын тұншықтырып өлтірген

АҚШ-тың Массачусетс штатында 32 жастағы Линдси Клэнсиге өзінің бес, үш жасар және сегіз айлық үш баласын өлтірді деген айып тағылды. Әйел қылмыстан соң өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан,– деп хабарлайды aikyn.kz. Мirror порталына сілтеме жасап. 

Әйел 5 жасар Кора, 3 жастағы Доусон және 8 айлық Калланды үйінде тұншықтырып өлтіріп, кейін екінші қабатының терезесінен 20 фут биіктікте секіріп кеткен.

Линдси Клэнси Плимут аудандық сотының таққан айыбын Zoom арқылы ауруханада тыңдады.

Оның адвокаты Кевин Реддингтон Клэнсидің босанғаннан кейінгі депрессияны жеңе алмай, тіпті босанғаннан кейінгі психозға шалдыққанын айтты. Ол аналарға көмектеспейтін жалған медициналық емдеудің құрбаны болған. Адвокаттың сөзінше, Клэнсиге жанама әсер беріп, суицидтік ойларды туындатқан “Прозак” пен “Сероквель” препараттары тағайындалған.

Адвокат Кевин Клэнсидің бұған дейін тамаша адам болғанын алға тартып, осы дәрілердің оның өмірін құртқанын алға тартты.

Клэнси екінші қабаттың терезесінен 20 фут (6 метр) секіргеннен кейін белінен төмен сал болып қалған. Өздігінен жүре алмай, тіпті жуынатын бөлмеге де шыға алмайтын күйге түскен. Болған оқиғадан кейін психикалық денсаулығы да мүлде нашарлап кеткен.

Ол психологке жантүршігерлік қылмысты жасар алдында үш баласын және өзін өлтіруін бұйырған ер адамның дыбысын естігенін айтқан.

Сот отырысында Клэнсидің қылмыс жасаған кезде есін білгені, тіпті әрекетке кіріспес бұрын күйеуі Патрикті тамақ алып келуге жұмсағаны мәлімделді. Ол сол арқылы уақыт ұтқан.

Патрик үйіне келген соң тыныштықты сезген. Кейін ауладан екінші қабат терезесінен секірген әйелін тапқан.

Ол үш баласының дыбыссыз жатқан күйде көріп, шошып айқайлаған. Бірден құзырлы органдарға хабарласып, үйіне шақырған. Полицейлер келген кезде 5 жасар Кора мен 3 жастағы Доусон көз жұмған. Ал 8 айлық Каллан үш күннен соң ауруханада көз жұмған.

Патрик қатты шошығаннан “Балаларды өлтірді” деп айғайлаған.

Клэнсидің жағдайы МакКлин ауруханасына ауысқаннан кейін ғана жақсарған.

Судья оның соттың рұқсатынсыз ауруханадан немесе оңалту орталығынан шықпауы керегін ескертті.