$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Айжан Байзақова күйеуін көрсетті

AstanaTV
10.04.2023ж. 13:17
1274
Айжан Байзақова күйеуін көрсетті

Екінші рет тұрмысқа шыққан блогер Айжан Байзақова ұзақ уақыт жасырған күйеуін көрсетті деп хабарлайды Stan.kz.

Блогер қанша құпия ұстауға тырысқанымен оның жеке өміріне қызығушылық танытатындар көп. Желідегі парақшасында күйеуімен, ұлымен бірге түскен суретін жариялаған ол көпшіліктен ештеңе жасыру мүмкін емес екенін айтты.

“Күйеуімді суретке түсіріп, хайп ұстамақ болғандар қаншама?! Оның суретін менен басқаның бәрі жариялап тастады. Оны барлығы біледі, бәрі көріп алған. Біреуді басқалардан жасырғың келген кезде көпшіліктің тарапынан оған деген қызығушылық екі есеге артады. Ешкім бізді суретке түсірмес үшін сол қызығушылықтың өртін өшіретін сәт жеткен сияқты. Ұлым Аланды да дәл солай көрсетпеген болатынмын. Бірақ онымнан да түк шықпады. Біз қарапайым отбасымыз. Біздің үш мұрнымыз, бес қолымыз жоқ. Кейде тыныштықты қалаймыз. Бірақ мен тыныш өмір сүре алмайтын сияқтымын. Бір өтінерім, маған не жазсаңыздар да көтеремін, бірақ отбасыма тиісе көрмеңіздер", – деп жазды Айжан Байзақова.