Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде екі адамды өлтіріп, жасөспірімді пышақтаған күдікті ұсталды

11.04.2023ж. 20:00
814
Ақтөбеде екі адамды өлтіріп, жасөспірімді пышақтаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде тұтас бір отбасына ойран салып, екі адамды өлтірген, үшіншісін 8 жерден пышақтаған күдікті қолға түсті. Ол -23 жастағы қала тұрғыны. Күдікті бұл отбасын мүлдем танымайды. Пәтерге тонау мақсатымен балконнан кірген көрінеді. Оның іс -әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Еске салайық, қайғылы оқиға 29 наурыз күні болды. Өз үйінде 35 жастағы әйелдің және оның 16 жастағы ұлының мәйіті табылды. Сегіз жерден пышақталған 13 жастағы қызы полицияға хабар берген. Ол қазір әлі ауруханада.

Мұрат АУҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КПБ БАСТЫҒЫ:

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағаны мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып қамауға алынды.